2015 жылдың 27 наурызында Астана қаласы «SportCity» теннис орталығында Спартакиада-2015 аясында Елордалық медицина ұйымдарының қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша командалық турнир өтті. Турнир басталар алдында Теннис орталығының өкілі турнир ережелерімен таныстырды. Жарыс бір мезгілде 7 үстел басында өтті. Әр ойын халықаралық ережелер бойынша 11 ұпайға дейін ойналды.
Командалар санының көптігіне орай (25 команда), турнир бірнеше турдан тұрды. Турлар олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді. Әсіресе соңғы және соңғының алдындағы турлар қызу өтті.

Келесі жеңімпаз-командалар анықталды:

1-орын – «Қалалық туберкулезге қарсы диспансер» МҚКК;
2-орын – «№ 1 Қалалық аурухана» МКК;
3-орын – «Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу орталығы» РКК.
Жүлделі орын алған жеңімпаз командаларға  Кубоктар мен Дипломдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU