22 қыркүйекте “AQNIET “кәсіподақ төрағасы Б.Тәжібайдың төрағалығымен атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың”Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Президент биылғы Жолдауында 2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагогтардың, дәрігерлердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілгенін, алайда бұл шара бюджеттен қаржыландырылатын басқа да азаматтық қызметшілерге әсер етпегенін ерекше атап өтті. Енді Денсаулық сақтау жүйесінде 73000 мыңнан астам жұмыскердің жалақысы 2022 жылдан бастап орта есеппен 20% – ға артады.

Соңғы 2 жылда “AQNIET” кәсіподағы осы өзекті мәселені белсенді көтеріп, ҚР Премьер-Министріне, Парламент Мәжілісіне, мәслихатқа, министрлікке бірнеше рет хаттар жолдады.

Біздің кәсіподақ әлеуметтік әріптестік тарапы болып, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімді (бұдан әрі – бас келісім) дайындау шеңберінде белсенді қатысты.

Төраға Б.Тәжібай “дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы”ХЕҰ №131 конвенциясын ратификациялау мәселелері бойынша консультациялар өткізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіреді.

Сондай-ақ, кәсіподақ филиалдарының бастауыш ұйымдарының жұмысы, еңбек заңнамасын сақтау, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, бірінші жартыжылдықта азаматтардың өтініштерін қарау, кәсіподақтың ақпараттық жұмысы, 2020-2021 оқу жылындағы кәсіподақтың атаулы стипендиясына конкурс қорытындылары туралы мәселелер қаралды. Сала қызметкерлерінің жарғылық қызметін жандандыру және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар нақты шешімдер қабылданды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

Menu