Армысыздар, қымбатты кәсіподақ оқырмандары!
Жаңа жылда тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісуге асығамыз! 

Кәсіподағымыздың белсенді мүшесі, Еңбекшіқазақ аудандық №1 аудандық ауруханасының (Шелек ауылы) онколог дәрігері Сабиров Тахир Асанұлы кәсіподақ тарапынан Алтын Жүсіпқызы Даутованың бастамасымен Министрлікке жолданған ұсыныс негізінде «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі» ведомствалық төс белгісімен марапатталды. 

Бұл марапат — адал еңбектің, жоғары кәсібиліктің және науқастарға деген шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі. 
Құрметті Тахир Асанұлы, Сізді шын жүректен құттықтаймыз! 
Еңбегіңіз әрдайым еленіп, абырой-беделіңіз арта берсін! Зор денсаулық, толағай табыс пен қызмет жолында жаңа жетістіктер тілейміз! 

Қымбатты оқырман! 
«Ақниет» кәсіподағы әрдайым еңбек адамын жан-жақты қолдау жолында аянбай еңбек етуде. 
Сіздерді кәсіподаққа мүше болып, көптеген игіліктерге жол ашуға шақырамыз!















