Кездесуде Кәсіподақ төрағасы Бақытжан Тәжібай «AQNİET» ҚДСҚК атынан «Қазақстанның Еңбек Конфедерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігіне мүшелік туралы келісім жасасты.

«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Атқару комитетінің 22 қыркүйекте өткен отырысында «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Қазақстанның Еңбек Конфедерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына мүшелік ұйым ретінде кіруі туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Еңбек Конфедерациясының құрамына 11 салалық кәсіподақ және 3 аумақтық кәсіподақтар бірлестігі (Алматы, Ақтөбе, Қарағанды) кіреді. ҚЕК жалпы саны 800 мың кәсіподақ мүшелерін құрайды.

Қазақстан Еңбек Конфедерациясы қызметінің негізгі міндеті еңбек адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ ҚР Үкіметі жанынан құрылған әлеуметтік әріптестік жөніндегі Республикалық үш жақты  комиссиясында  ҚР Республикалық атқарушы және өкілді билік органдарында мүшелік ұйымдарының өкілі болып табылады.

Қазақстанның Еңбек Конфедерациясы жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қолдайды, Қазақстандағы еңбек адамдарының сенімді қорғалуына, ал олардың мүдделері қазақстандық қоғамның барлық деңгейлерінде лайықты түрде ұсынылуына ұмтылады. Конфедерация Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру жөніндегі бастамаларын қолдайды

2019 жылғы 12 сәуірде Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының Кеңесі Қазақстанның Еңбек Конфедерациясының ЖБКК құрамына қабылдау туралы өтінішін қарап, бұл мәселе бойынша оң шешім қабылдады.

Қазақстанның Еңбек Конфедерациясы трипартизм аясында жұмыс берушілермен де, мемлекеттік органдардың өкілдерімен де әріптестік қарым-қатынас орнатады. Конфедерация еңбек адамының игілігі үшін бірлескен жұмыс қана Қазақстанды әлеуметтік стандарттардың жаңа деңгейіне шығаратынына сенімді. Конфедерацияның барлық кәсіподақтарының қызметі «Лайықты еңбекке – лайықты өмір, құрмет, марапат» ұранымен жүзеге асырылады.

 

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

Menu