Құрметті әріптестер, кәсіподақ мүшелері және сала еңбеккерлері!

Сіздерді Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
🔹Кәсіподақ – бұл еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғайтын, әлеуметтік әділдікті орнықтыратын және ынтымақтастықты нығайтатын қуатты күш. Әсіресе, денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында еңбек ететін мамандардың әрбір күнгі қажырлы жұмысы -қоғамның амандығы мен ел болашағының кепілі.
🔹«AQNIET» кәсіподағы әрдайым әрбір қызметкердің еңбек жағдайын жақсарту, лайықты жалақы алуын қамтамасыз ету және кәсіби мәртебесін көтеру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Біздің басты құндылығымыз – Сіздер және Сіздердің адал еңбектеріңіз!
Осынау мерекелі күні бәріңізге берік денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке мен шаттық тілеймін. Кәсіби қызметтеріңізде жаңа табыстар мен асулар көп болсын! Еңбектеріңіз бағаланып, ел алғысына бөлене беріңіздер!
Мерекелеріңізбен!
Ізгі ниетпен,
«AQNIET» Казахстандық денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы
Бақытжан Тәжібай

ЖАНАЛЫҚТАР

#16109

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU