Әлемдегі әйелдер санының үлесі 49,6% құрайды, ал әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Жаһандық дамуда зорлық-зомбылық пен гендерлік дискриминация аштықтан да, аурудан да үлкен кедергі болып саналады.

Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық қазіргі кезде әлемдегі адам құқықтарын ең кең таралған және қиын бұзушылықтарының бірі болып табылады. Ол физикалық, жыныстық және психологиялық формаларда болады.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күнінде бүкіл әлемдегі кәсіподақтар үкіметтерді әлемдегі жұмыс саласындағы гендерлік зорлық-зомбылық пен қудалау дертін тоқтату үшін Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 190-шы конвенциясын және 206-ұсынымын ратификациялауға шақырады (әлемдегі жұмыс күшінің 40% -дан астамы әйелдер). Әйелдер лайықты жұмыс үшін елеулі кедергілерге тап болып келеді. COVID-19 дағдарысы жұмыста да, үйде де зорлық-зомбылық пен қудалау қаупін жоғарылатып, қауіпсіз және сау, құрметке лайық жұмыс ортасын қамтамасыз ету үшін тиімді профилактикалық және қорғаныс шараларының маңыздылығын көрсетті.

Пандемия кезіндегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі кәсіподақтар жұмысының нәтижелері:

– тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін кәсіподақ өкілдеріне ұсыныстар берілді;

– тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу қызметтерін қаржыландыруды ұлғайтуға қолдау көрсетілуде;

– тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына баспана берілуде;

– ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде;

– үкімет пен жұмыс берушілердің алдыңғы қатардағы жұмысшыларға қатысты зорлық-зомбылық пен қудалау жағдайларының көбеюімен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақыру.

Бірақ бұл зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі кішкене ғана жетістік, сондықтан ХКК бүкіл әлем үкіметтерін 2019 жылы маусымда ХЕҰ-ның 100 жылдығына арналған 108-ші Халықаралық Еңбек Конференциясында жарияланған зорлық-зомбылық пен қудалаусыз бейбіт жұмыс жөніндегі міндеттемелерді орындауға шақырады.

https://www.ituc-csi.org/free-from-violence-and-harassment?lang=en

https://www.un.org/ru/observances/ending-violence-against-women

https://forbes.kz//life/observation/kajdaya_tretya_jenschina_v_mire_podvergaetsya_nasiliyu_kak_eto_predotvratit/

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/delegaciya-ministerstva-truda-prinyala-uchastie-v-108-oy-sessii-mezhdunarodnoy-konferencii-truda-v-zheneve?lang=ru

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

Menu