AQNIET – ҚЫЗМЕТКЕР МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДАҒЫ НАҒЫЗ ҚОЛДАУ!

ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Алтын Жүсіпқызы бастаған жұмыс тобы «Қазатомпром» АҚ филиалы – Орталық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының еңбек ұжымымен кездесіп, «AQNIET» салалық кәсіподағының қызметі мен мүмкіндіктерін таныстырды.
Кездесудің басты мақсаты – қызметкерлерге кәсіподақ мүшелігінің маңызын түсіндіру, еңбек құқықтарын қорғау тетіктері мен әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беру.
💬 Кездесу барысында кәсіподақтың мерекелік және мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен қатар, еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға және қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қоғамдық ұйым екені атап өтілді.
Сонымен қатар құқықтық кеңес беру, әлеуметтік қолдау, сауықтыру бағдарламалары, кәсіби даму, еңбекті ынталандыру және ұжымдық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
«Кәсіподақтың шынайы күші – оның мүшелерінің бірлігінде. Әрбір қызметкер өз құқығының қорғалатынын және жанында қолдау көрсететін ұйым бар екенін сезінуі маңызды».
Осындай кездесулер еңбек ұжымдары мен кәсіподақ арасындағы байланысты нығайтып, өзара түсіністік пен әлеуметтік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.
💛 AQNIET – ӘР ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ҚҰНДЫ, ӘР МҮШЕНІҢ МҮДДЕСІ МАҢЫЗДЫ!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU