«ІЗГІ ЖҮРЕКТЕР ЖЫЛУЫ»: ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ҚҰРМЕТКЕ ТОЛЫ КЕЗДЕСУ
Щучинск қаласында Халықаралық қарттар күніне, Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне және Мүгедектігі бар адамдар күніне арналған «Ізгі жүректер жылуы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға Ақмола облыстық AQNIET кәсіподағының төрағасы А.А. Сапақбаев қатысып, жиналған қауымға жылы лебізін білдірді.
Өзінің құттықтау сөзінде ол аға буынға құрмет көрсетудің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегін бағалаудың және ерекше қолдауды қажет ететін жандарға қамқорлық танытудың маңыздылығын атап өтті.
Мерекелік іс-шара аясында кәсіподақ атынан бірқатар азаматтарға кәсіподақтың төсбелгісі мен Құрмет грамоталары табысталды. Бұл — адал еңбекке, кәсіби жауапкершілікке және қоғам игілігі жолындағы қызметке көрсетілген құрметтің белгісі.
Осындай кездесулер адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, бір-бірімізге деген жанашырлық пен құрметті арттыра түседі.
AQNIET кәсіподағы әрдайым адамның қадір-қасиетін құрметтеуді, еңбек адамын қолдауды және әлеуметтік әділдікті нығайтуды басты құндылықтарының бірі санайды.
Барша ардагерлерге, әлеуметтік сала қызметкерлеріне және қатысушыларға зор денсаулық, амандық, отбасылық береке мен еңбектеріне табыс тілейміз!















