“AQNIET” кәсіподағы Алматы және Жетісу облыстары филиалының(ары қарай Филиал) кезектен тыс кеңейтілген Атқару комитеті мен төр аға/айым кеңесі ?-дан астам жыл тарихы бар Кәсіподағымыз туралы бейнефильм көрсетілімімен басталды. Жаңадан сайланып, ортамызға қосылған бастауыш ұйымдар кәсіподақ комитеттерінің басшыларына тарихты танып білу, ары қарай даму процесіне өте қажет.Тарих бағындырған белестер мен жетіспеген тұстарын толтырып, алға жылжуға, прогреске жол ашады.
Презентация барысында Филиал төрағасы А.Шалтабаев күн тәртібіне қатысты және де 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары мен іске асыру жолдарын толығымен баяндап берді.
Бас бухгалтер Р.Есқалиева мен Орталық Кеңес мүшесі, бас маман Д.Ахметова тарапынан қаржылай есепті, берілген тапсырманы дер кезінде орындаудың маңыздылығы туралы, алдыңғы жылда өтетін Орталық кеңес пен Филиалдын іс-шараларына белсенді қатысу жөнінде нұсқаулар айтылды.
Кеңеске қатысушылар келесі жылы қабылданатын 2026-2028жж.арналған үш жақты Салалық келісімге қатысты өзгерту мен толықтырулар жайлы ойларымен бөлісті. Өкімет басшысы О.Бектеновқа жіберілген хатты өте орынды, дер кезіңде делінді. Өйткені қымбатшылық қысқан кезде, медицина мамандарының жетіспеушілігін толтыру, ынталандыру мақсатында көтерілген мәселелер оң шешімін табуы керек, соған үміттіміз.
Күн тәртібіне қойылған сұрақтар толығымен қаралғаннан кейін, Республика бойынша өткен “Ең үздік бастауыш ұйым” конкурсына қатысқан үміткерлеріміз марапатталды. Және де әлеуметтік серіктесіміз Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық мерекелерге байланысты үздік деген, белсенді кәсіподақ мүшелері Алғыс хат, Құрмет грамоталарына ие болды.
Жыл соңына бір ай қалсада, Филиал 2025 жылға белгілеген жоспарын 100% астам деңгейде орындады.
“AQNIET” төрағасы Б.Тәжібай мен Орталық Кеңес аппаратының сабдарлы саясаты арқылы, Президент Қ.К.Тоқаев айтқандай, ‘ештеңеден тайсалмай алға жылжып, әлемнің үздік технология, тәжірибе т.б. елімізге тартып, көркейту, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға еңбек етудің керектігін’ толығымен Кәсіподағымыз орындауда. Жақын-алыс, шет мемлекеттердің кәсіподағымен тығыз байланыс орнатып, Келісім мен Меморандумдарға қол қою арқылы Филиалдан – 25, AQNIET-ке қарасты республика бойынша 450-ден астам кәсіподақ мүшелері Қытай Халық Республикасына медтуризм,тәжірибе алмасу, экскурсияға баруға мүмкіндік алды. Африка құрлығының солтүстік-шығысында орналасқан Египет, Оңтүстік Корея, Турция, Моңғолия, Европа мемлекеттері, ТМД елдері барлығының деуге болады, кәсіподақ қозғалысымен достық, өзара әрекеттесу, ынтымақтастық
қарым-қатынастамыз.
Ағымды жылдың 11 айында “Медадвокат жобасы” көмегімен Филиал бойынша 15 медициналық қызметкер қылмыстық жазадан, 12-сі азаматтық және әкімшілік жазадан қорғалып, жұмыстарын жалғастыруда. Оқу, әдістемелік вебинар мен семинарға – 583 адам қатысып, білім қаржының толтырды.
182 жолдаманың 154 пайдаланып, оның ішінде 40-тан астамы ТЕГІН беріліп, кәсіподақ мүшелері денсаулығын нығайтты. Киелі Түркістан шаһарына – 104,
Ташкент-Самарқанд қалаларына – 35 адам экскурсияда, Шонжы ыстық суына – 95 адам белсенді демалыс арқылы ой-өрісін кеңейтіп, жұмысқа деген ынталарын арттырды.
Жасалған жұмыстарға қарап көңілін толады, бірақта оған тоқмейілсудың қажеті жоқ, өйткені алдымызда жоспарлы түрде қолға алатын еңбегіміз ауқымды.
Игі жақсыларды “AQNIET” кәсіподағымен бірге болуға шақырамын!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU