МЕЙІРІМ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚ ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!

Адамға қолдау көрсету, жүрек жылуын сыйлау, тағдырдың талай қиындығына тап болған жандарға демеу болу – үлкен жүрек пен биік адамгершілікті талап ететін қасиетті міндет.
🍀Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай Степногорск қаласына қарасты Шаңтөбе кентіндегі «Жақсы Жаңғыстау» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мерекелік кездесу өтті.
Күнделікті қызметінде қамқорлыққа мұқтаж жандардың жанынан табылып, олардың өміріне үміт пен жылулық сыйлап жүрген мамандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Бұл – тек кәсіби міндет қана емес, адамға деген шынайы жанашырлықтың көрінісі.
🔹Мерекелік шара аясында өз ісіне адалдығымен, кәсібилігімен және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесімен ерекшеленген бірқатар қызметкер «AQNIET» кәсіподағының медальдарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
📜Бұл марапаттар – олардың еселі еңбегіне көрсетілген құрмет пен кәсіби қызметіне берілген лайықты баға.
«AQNIET» кәсіподағы еңбек адамын қолдау, оның мүддесін қорғау және қоғамдағы еңбегінің қадірін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.
🙌Құрметті әлеуметтік сала қызметкерлері! Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Мейірімге толы еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, абыройларыңыз арта берсін!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU