«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай «Ашық алаң» телебағдарламасында сөз сөйледі.
Эфир барысында ол медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекақыны әділ төлеу және кәсіби қызмет атқаруға лайықты жағдай жасау мәселелерін көтерді.
• Бақытжан Арынұлы медицина қызметкерлерінің құқықтары мен қауіпсіздігі – «AQNIET» Кәсіподағының басым бағыты екенін атап өтіп, сала қызметкерлерін қорғау шараларын жүйелі түрде күшейту қажеттілігін ерекше атап өтті.
• Бағдарламада төмендегі мәселелер талқыланды:
– құқықтық қорғау механизмдері
– медициналық ұйымдардағы қауіпсіз еңбек жағдайлары
– сала қызметкерлерінің жүктемесі және әлеуметтік кепілдіктері
– салалық мәселелер және оларды шешу жолдары
«AQNIET» Кәсіподағы денсаулық сақтау қызметкерлерінің мүддесін барлық деңгейде белсенді түрде қорғай отырып, олардың мәртебесі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған өзгерістерді жүйелі түрде көтеруде.
Толығырақ ақпарат төмендегі сілтемеде: https://youtu.be/Rz0gNK1UDTY?si=F-IV5GTrfZaTIOWa















