ЖОЛДАУ – жаңа мүмкіндіктерге бастайтын жол!
2026 жылғы 28 қазан – ел дамуының жаңа міндеттері айқындалған маңызды күн болды.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын белгілеп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды міндеттерді жариялады.
Президент денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударды.
Ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды дамыту жалғасады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынып, жыл соңына дейін тағы 115 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.
Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылауда жасанды интеллект технологияларын қолданатын жаңа жүйе қалыптастыру тапсырылды.
Медицинаның дамуы – тек жаңа ғимараттар мен заманауи технологиялар ғана емес. Бұл – әрбір азаматтың денсаулығына қамқорлық, әрбір медицина қызметкерінің еңбегін бағалау және адам өміріне деген жауапкершілік!
Қазақстан алдағы үш жылда жаппай цифрлық елге айналуды мақсат етіп отыр. Жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару мен экономиканың барлық саласына енгізу, жаңа цифрлық шешімдерді дамыту көзделген.
Инвестиция тарту жүйесін жаңғырту, жаңа өндіріс орындарын ашу, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек өнімділігін күшейту міндеттері белгіленді.
Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын нығайту, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қарыз жүктемесін азайту және халықтың табысын тұрақтандыру мәселелері де назардан тыс қалмады.
Еліміздің барлық өңірінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілікті анықтап, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жеделдетілуі тиіс.
Ел дамуының әрбір бағыты нақты іспен, нәтижелі еңбекпен және ортақ жауапкершілікпен ұштасқанда ғана көздеген мақсаттарға қол жеткіземіз.
Медицина қызметкерлері үшін бұл – халық денсаулығын қорғау жолындағы еңбектің маңызын терең сезініп, кәсіби жауапкершілікті жаңа деңгейге көтеруге үндейтін міндет.
«AQNIET» кәсіподағы Жолдаулардағы міндеттерді қолдаумен ғана шектелмей, медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту және еңбегін лайықты бағалау жолында нақты істерімен қолдау көрсетіп келеді.
Біздің ұстанымымыз айқын: сөзден – іске, қолдаудан – нақты нәтижеге!
Өйткені медицина қызметкеріне қамқорлық жасау – халық денсаулығына қамқорлық жасау!
Дені сау ұлт – қуатты мемлекет!
Еңбегі бағаланған маман – саланың тірегі!
Бірлігі бекем ел – болашағы жарқын ел!













