ЖОЛДАУ – жаңа мүмкіндіктерге бастайтын жол!

2026 жылғы 28 қазан – ел дамуының жаңа міндеттері айқындалған маңызды күн болды.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын белгілеп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды міндеттерді жариялады.
🏥 Денсаулық сақтау – Ұлт саулығының кепілі!
Президент денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударды.
Ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды дамыту жалғасады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынып, жыл соңына дейін тағы 115 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.
🏥Көпбейінді ауруханаларды іске қосу және жаңа медициналық нысандар салу жұмыстары жалғасады. Бұл халыққа сапалы медициналық көмекті өз өңірінде алуға мүмкіндік береді.
💊💉Отандық фармацевтика өндірісін дамыту, дәрі-дәрмектің түрлері мен көлемін арттыру – стратегиялық міндет.
Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылауда жасанды интеллект технологияларын қолданатын жаңа жүйе қалыптастыру тапсырылды.
👨🏻‍🔬🩺👩🏻‍⚕️Дәрігерлердің мәртебесін көтеру және әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Медицинаның дамуы – тек жаңа ғимараттар мен заманауи технологиялар ғана емес. Бұл – әрбір азаматтың денсаулығына қамқорлық, әрбір медицина қызметкерінің еңбегін бағалау және адам өміріне деген жауапкершілік!
💻 Цифрландыру және жасанды интеллект 🛸
Қазақстан алдағы үш жылда жаппай цифрлық елге айналуды мақсат етіп отыр. Жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару мен экономиканың барлық саласына енгізу, жаңа цифрлық шешімдерді дамыту көзделген.
📈 Экономика және инвестиция.
Инвестиция тарту жүйесін жаңғырту, жаңа өндіріс орындарын ашу, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек өнімділігін күшейту міндеттері белгіленді.
👨‍👩‍👧‍👦 Әлеуметтік қолдау және халықтың әл-ауқаты.
Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын нығайту, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қарыз жүктемесін азайту және халықтың табысын тұрақтандыру мәселелері де назардан тыс қалмады.
🏫 Өңірлерді дамыту .
Еліміздің барлық өңірінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілікті анықтап, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жеделдетілуі тиіс.
✨Бүгінгі Жолдаудың басты өзегі – адам, оның денсаулығы, қауіпсіздігі, әл-ауқаты және болашаққа деген сенімі.
Ел дамуының әрбір бағыты нақты іспен, нәтижелі еңбекпен және ортақ жауапкершілікпен ұштасқанда ғана көздеген мақсаттарға қол жеткіземіз.
Медицина қызметкерлері үшін бұл – халық денсаулығын қорғау жолындағы еңбектің маңызын терең сезініп, кәсіби жауапкершілікті жаңа деңгейге көтеруге үндейтін міндет.
👩🏻‍⚕️🩺👨🏻‍⚕️ Алайда медицинаның басты байлығы – заманауи технология ғана емес, адам өмірі үшін аянбай еңбек ететін медицина қызметкері!
«AQNIET» кәсіподағы Жолдаулардағы міндеттерді қолдаумен ғана шектелмей, медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту және еңбегін лайықты бағалау жолында нақты істерімен қолдау көрсетіп келеді.
Біздің ұстанымымыз айқын: сөзден – іске, қолдаудан – нақты нәтижеге!
Өйткені медицина қызметкеріне қамқорлық жасау – халық денсаулығына қамқорлық жасау!
Дені сау ұлт – қуатты мемлекет!
Еңбегі бағаланған маман – саланың тірегі!
Бірлігі бекем ел – болашағы жарқын ел!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU