САМАРҚАНДТА САЛТАНАТ ҚҰРҒАН ЖЕҢІС! «AQNIET» — ТЕК АЛҒА!
Өзбекстанның мәдени астанасы — Самарқанд қаласында Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтары арасында ауқымды халықаралық іс-шаралар өтті. Бұл басқосулар ынтымақтастықты нығайтып, кәсіподақ қозғалысының беделін арттыруға және үздіктерді анықтауға бағытталды.
Атап айтқанда, Орталық Азия елдері денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтары кеңесінің әйелдер арасындағы шахмат және үстел теннисінен Кубогы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы өтті.
Ал келесі күні халықаралық ынтымақтастықтың маңызды алаңына айналған «Денсаулық сақтау жүйесінде халықаралық еңбек стандарттарын енгізу: халықаралық тәжірибе» атты конференция өз жұмысын бастады.
Халықаралық кездесулердің басты мақсаты — Орталық Азия елдері кәсіподақтарының өзара байланысын нығайту, ортақ мүдделер төңірегінде топтасу және Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттарын әрбір жұмыс орнында нақты нәтижелер мен оң өзгерістерге айналдыру.
Бұл — еңбек адамының құқығын қорғауға, оның еңбегін бағалауға және кәсіподақтардың мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Самарқанд төрінде өткен халықаралық бәсекеде «AQNIET» кәсіподағының өкілдері жоғары шеберліктерін танытып, жүлделі орындарға ие болды!
Шығыс Қазақстан облысы филиалының өкілі Е. Сапарғалиева қарсыластарынан озып, жеңіс тұғырынан көрінді!
«AQNIET» кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының өкілі П. Алтай жүлделі орынға ие болып, ұйым мерейін асқақтатты!
Қарағанды облыстық филиалының өкілі үздік аталымды иеленіп, кәсіподақ жұмысының жоғары деңгейін көрсетті!
Бұл жеңістер — табандылық пен еңбекқорлықтың, кәсіби шеберлік пен жеңіске деген жігердің жемісі.
Әрбір жетістік — «AQNIET» кәсіподағының абыройын асқақтатып, ұйымымыздың ынтымағы мен бірлігін айшықтайтын жарқын нәтиже!
Жеңімпаздарымызға жоғары шеберліктері, қайсар мінездері мен жеңіске деген жігерлері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз 
Сіздердің жетістіктеріңіз — баршамызға мақтаныш, кәсіподақ қозғалысына шабыт!
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды, жеңістеріміз көп болсын!
«AQNIET» кәсіподағымен бірге — биік белестерге!
«AQNIET» ПЕН ТЕК АЛҒА!















