Армысыздар қымбатты кәсіподақ оқырмандары!.
25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында AQNIET кәсіподағының Алматы қаласындағы филиалының құрамындағы мекемекмелер «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» атты Республикалық акцияны белсенді қолдап өз ұйымдарында өткізуде.
Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі – қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.
Акцияның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу, зорлық – зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту.
Осы Дүниежүзілік акцияны кәсіподақ құрамындағы Қасымбек ауылының орта мектебінде оқушылар арасында Буллингке жол жоқ атты бейнеролік түсіріліп нәсихатталды.














