Қымбатты отандастар, ардақты достар!
Баршамыз үшін киелі Тәуелсіздік күніне орай «Ақниет» кәсіподағында үлкен қуанышты жаңалығымыз бар! 
Кәсіподағымыздың жүйелі қолдауының нәтижесінде жыл санап медицина саласындағы қызметкерлеріміз мемлекеттік ведомствалық марапаттарға ие болуда. 

2025 жылдың желтоқсан айында кәсіподақ мүшелері арасынан «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» атты ведомствалық төс белгісіне үш бірдей қызметкер лайық деп танылды. 
Бүгін осы ұлы мерекеге орай Алтын Жүсіпқызы бастаған кәсіподақ ұжымы аталған марапаттардың алғашқысы — Алматы қаласындағы №18 қалалық емхананың еңбек сіңірген қызметкері, медициналық статист Батырханова Фарида Оразовнаға салтанатты түрде табыстап қайтты. 

Қымбатты Фарида Оразқызы!
Марапатыңыз құтты болсын! 
Еңбегіңіздің әрдайым жемісін көре беріңіз. Сіздің жас мамандарға көрсетіп жүрген өнегеңіз бен мол тәжірибеңіз — баға жетпес, теңдесі жоқ құндылық. 
«Ақниет» ұжымы атынан Сізді зор ықыласпен, шын жүректен құттықтаймыз!















