Қымбатты отандастар, ардақты достар!

Баршамыз үшін киелі Тәуелсіздік күніне орай «Ақниет» кәсіподағында үлкен қуанышты жаңалығымыз бар! ?
Кәсіподағымыздың жүйелі қолдауының нәтижесінде жыл санап медицина саласындағы қызметкерлеріміз мемлекеттік ведомствалық марапаттарға ие болуда. ?✨
2025 жылдың желтоқсан айында кәсіподақ мүшелері арасынан «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» атты ведомствалық төс белгісіне үш бірдей қызметкер лайық деп танылды. ?
Бүгін осы ұлы мерекеге орай Алтын Жүсіпқызы бастаған кәсіподақ ұжымы аталған марапаттардың алғашқысы — Алматы қаласындағы №18 қалалық емхананың еңбек сіңірген қызметкері, медициналық статист Батырханова Фарида Оразовнаға салтанатты түрде табыстап қайтты. ??
Қымбатты Фарида Оразқызы!
Марапатыңыз құтты болсын! ?
Еңбегіңіздің әрдайым жемісін көре беріңіз. Сіздің жас мамандарға көрсетіп жүрген өнегеңіз бен мол тәжірибеңіз — баға жетпес, теңдесі жоқ құндылық. ?
«Ақниет» ұжымы атынан Сізді зор ықыласпен, шын жүректен құттықтаймыз!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU