ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҚОС СЫЙЛЫҚ
“Тәуелсіздік күні” қарсаңында “AQNIET” кәсіподағы, Алматы және Жетісу облыстары филиалы(ары қарай Филиал) қарамағындағы медициналық қызметкерлері, кәсіподақ мүшелеріне қос қуаныш сыйлады. Филиал аппараты атынан ағымды жылдың 13-14 желтоқсанда жеңілдетілген жолдамамен 43 адам Шонжы емдік, ыстық суында 2 күн демалып қайтты. Және де 13 желтоқсанда 30 адам ТЕГІН билеттермен Алматы Аренада 90 жылдар Ретрофестивалін тамашалауға мүмкіндік алды. Демалыстан алған әсерлерін ‘сөзбен жеткізе алмаймыз, өте керемет болды’ дейді демалушылар.
“AQNIET” кәсіподағы әрдайым қатарындағы кәсіподақ мүшелеріне қауып-қатерсіз еңбек етуін, жандарын жадырататын, ұжымдық ынтымақтастық пен бірлігін арттырып, рухани баюына, әлеуметтік жағдайларын жақсартуға арналған бағдарламалармен жоспарлы түрде қамтамасыз ете бермек.
Құрметті әріптестеріме ‘Тәуелсіздік күні’, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолындағы және кәсіподағымыздың өркендеуіндегі үлкен үлестеріңізге, жаңа істеріңізге табыстар тілеймін! Еліміз гүлденіп, көркейе берсін! Баршаңызға берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, зор денсаулық тілеймін!!!
Ізгі құрметпен Филиал төрағасы Асан Мұқанұлы Шалтабаев















