СПОРТ, БІРЛІК ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

28 маусым күні Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде Маңғыстау облыстық «AQNIET» кәсіподағы филиалының ұйымдастыруымен және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен медицина қызметкерлері арасында волейболдан іріктеу турнирі өтті.
Турнир қыркүйек айында Алматы қаласында өтетін Республикалық спартакиадаға дайындық аясында ұйымдастырылды.
? Турнирдің ашылу салтанатында Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы Жанна Сайым сөз сөйлеп, мұндай спорттық шаралар командалық рухты нығайтып, ұжымның бірлігін арттыратынын және кәсіподақ өмірінің жақсы дәстүріне айналғанын атап өтті.
? Сонымен қатар, ашылу рәсіміне Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибизада Дүйсенбаева қатысып, турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, медицина саласында салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін “AQNIET” кәсіподағына алғысын білдірді.
✨ Ашылу салтанатында ерекше әсер қалдырған сәт – “AQNIET” кәсіподағының туын желбіреткен байкерлердің спорт кешенін айналып өтуі болды. Бұл әсерлі көрініс кәсіподақ қозғалысының алға ұмтылысын, бірлік пен ынтымақты білдіретін жарқын нышанға айналды. Көрермендер мен қатысушылар бұл сәтке ерекше ықыласпен қол соқты.
? Турнир өте тартысты және қызықты жағдайда өтті. Әрбір ойын жанкүйерлердің қызу қолдауымен өтті, командалар жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген жігерін және нағыз спорттық рухты көрсетті. Әрбір ұпай үшін күрес, әсерлі шабуылдар мен үйлесімді командалық ойын – бұл жарыстың шынайы көрінісі болды.
? Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар:
? 1 орын — Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы командасы
? 2 орын — Жаңаөзен қалалық №1 емханасының командасы
? 3 орын — Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасының командасы
? Жекелеген номинациялар:
Ең үздік LIBERO — Савтаева Сәуле (Қарақия аудандық орталық ауруханасы)
Ең үздік шабуылшы — Қалдыбаева Райхан (Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы)
Ең үздік байланыстырушы — Чандиева Дана (Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасы)
? Сол күні таңертең профсоюз мүшелерінің 80 баласы Түркістан облысындағы жазғы сауықтыру лагеріне пойызбен жолға шықты. Бұл күн Маңғыстау облыстық “AQNIET” кәсіподағы филиалы үшін ерекше әрі маңызды күнге айналды – спорт, болашақ ұрпаққа қамқорлық және ұжымдық қолдау бір арнада тоғысты.
? “AQNIET” кәсіподағы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің спорттық, әлеуметтік және мәдени белсенділігін қолдауға бағытталған бастамаларды одан әрі жалғастыратын болады.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU