‘Медицина қызметкерлері күні’ қарсаңында әлеуметтік әріптестік пен өзара сыйластықтың жарқын көрінісі орын алды

«AQNIET» кәсіподағының төрағасы, Еуропа федерациясының (EPSU) вице-президенті Бақытжан Тәжібайдың денсаулық сақтау саласының әлеуметтік серіктестеріне, еліміздің денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына жолдаған арнайы құттықтауын табыстадық. Сонымен қатар, 2026–2028 жылдарға арналған Салалық келісім мен «AQNIET» кәсіподағының 2025 жылы атқарған ауқымды жұмыстары қамтылған ақпараттық кітапшаны Орталық кеңес төрағасы Бақытжан Арынұлының және филиал атынан Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықовқа салтанатты түрде ұсындым.
Кездесу барысында Асқар Маратұлы көрсетілген құрмет пен ықылас үшін алғысын білдіріп, «AQNIET» кәсіподағының қызметімен жақсы таныс екенін атап өтті. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау жолындағы кәсіподақтың жемісті бастамаларына жоғары баға беріп, ұйымның алдағы уақытта да қанатын кеңге жайып, жаңа жетістіктерге жете беруіне ақжарма тілегін жеткізді.
Осындай өзара түсіністікке, сенім мен серіктестікке негізделген ынтымақтастық – денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықтың, еңбек адамына деген құрметтің және ортақ мақсаттарға бастар берік қадамның айқын айғағы.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU