Маңғыстауда «AQNIET» кәсіподағы атқару комитетінің отырысы өтті

«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалында атқару комитетінің отырысы өтті.
🔸Кездесу барысында 2026–2028 жылдарға арналған салалық келісімнің маңызына, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мақсаттары мен міндеттеріне, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау тетіктеріне назар аударылды. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымдарының қызметін тиімді ұйымдастыруға қатысты мәселелер қарастырылды.
Іс-шара аясында ҚР-ның Кәсіподақтар күніне орай кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосып, өз қызметінде белсенділік танытып жүрген медицина саласының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.
🔹 «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен облыстық перинаталдық орталықтың өкілі Л. Мукашева марапатталды. Орталық кеңес төрағасы Бақытжан Тәжібайдың Алғыс хатына облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасының кәсіподақ ұйымдастырушысы Ә. Ермекова ие болды.
«AQNIET Кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің төрайымы Т. Косаякова, комитет мүшесі А. Тулегенова, Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф. Канатбаева және Қарақия орталық аудандық ауруханасының кәсіподақ комитетінің төрайымы Б. Дюсенова марапатталды.
♦️Сондай-ақ «AQNIET» кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының Алғыс хатымен Жаңаөзен қалалық №1 емханасының кәсіподақ комитетінің төрайымы А. Курманова, Жаңаөзен қалалық №2 емханасының кәсіподақ комитетінің төрайымы Қ. Абдурахманова, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының кәсіподақ комитетінің мүшесі Ж. Жаркинбаева, Маңғыстау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының кәсіподақ комитетінің төрайымы Н. Жупкали және Ақтау қалалық №1 емханасының кәсіподақ комитетінің мүшесі Г. Садуова марапатталды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU