Маңғыстауда «AQNIET» кәсіподағы атқару комитетінің отырысы өтті
«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалында атқару комитетінің отырысы өтті.
Іс-шара аясында ҚР-ның Кәсіподақтар күніне орай кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосып, өз қызметінде белсенділік танытып жүрген медицина саласының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.
«AQNIET Кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің төрайымы Т. Косаякова, комитет мүшесі А. Тулегенова, Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф. Канатбаева және Қарақия орталық аудандық ауруханасының кәсіподақ комитетінің төрайымы Б. Дюсенова марапатталды.















