Армысыздар, қымбатты кәсіподақ оқырмандары!
28–29 наурыз күндері Алтын Жүсіпқызының бастамасымен Кәсіподақтың Алматы филиалы мүшелеріне арналған киелі Түркістан шаһарына мәдени-танымдық тур ұйымдастырылды. 

Бұл сапарға филиалымыздан 50 қызметкер қатысты. Алда 100 адам турға шығуға дайындалуда. Атап айтқанда осы сапарда:
№30 емхана
,
Еңбекшіқазақ аудандық жедел жәрдем станциясы
,
Талғар аудандық жедел жәрдем станциясы
,
Бұрындай жедел жәрдем станциясы
,
Шонжы ауруханасы
,
Есік ауруханасы
,
Ақтас ауруханасы
қызметкерлері белсенді түрде қатысты. 
Сапар барысында қатысушылар еліміздің тарихи әрі киелі орындарын аралап, рухани байып, ерекше әсер алды:
Бұл мәдени-танымдық тур – қызметкерлердің рухани дамуына, тарихи санасын жаңғыртуға және ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды шара болды. 

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз! 














