AQNIET – ҚЫЗМЕТКЕР МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДАҒЫ НАҒЫЗ ҚОЛДАУ!
ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Алтын Жүсіпқызы бастаған жұмыс тобы «Қазатомпром» АҚ филиалы – Орталық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының еңбек ұжымымен кездесіп, «AQNIET» салалық кәсіподағының қызметі мен мүмкіндіктерін таныстырды.
Кездесудің басты мақсаты – қызметкерлерге кәсіподақ мүшелігінің маңызын түсіндіру, еңбек құқықтарын қорғау тетіктері мен әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беру.
Сонымен қатар құқықтық кеңес беру, әлеуметтік қолдау, сауықтыру бағдарламалары, кәсіби даму, еңбекті ынталандыру және ұжымдық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
«Кәсіподақтың шынайы күші – оның мүшелерінің бірлігінде. Әрбір қызметкер өз құқығының қорғалатынын және жанында қолдау көрсететін ұйым бар екенін сезінуі маңызды».
Осындай кездесулер еңбек ұжымдары мен кәсіподақ арасындағы байланысты нығайтып, өзара түсіністік пен әлеуметтік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.















