AQNIET КӘСІПОДАҒЫ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ АТАУЛЫ ШӘКІРТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАДЫ!

Білімге қолдау – болашаққа инвестиция!
«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы білімге құштар, оқу үлгерімі жоғары әрі кәсіподақ өміріне белсенді қатысатын болашақ медицина мамандарын қолдау мақсатында игі бастамасын жалғастыруда.
📜 Кәсіподақтың Атқару комитетінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік оқу үлгерімі және кәсіподақтағы адал еңбегі үшін» атаулы шәкіртақысының иегерлері анықталды.
🏆 АТАУЛЫ ШӘКІРТАҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ:
🎓 Камила Андабаева – Астана қаласындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжінің 3-курс студенті, «Фармация» мамандығы.
🎓 Ернұр Сабирұлы – Шымкент жоғары медициналық колледжінің 2-курс студенті, «Емдеу ісі» мамандығы.
🎓 Әсемай Өмірхан – Шымкент жоғары медициналық колледжінің 2-курс студенті, «Фармация» мамандығы.
🎓 Әли Абдуәли – Алматы қаласындағы Жоғары медициналық колледждің 3-курс студенті, «Мейіргер ісі» мамандығы.
💰 Шәкіртақы мөлшері – ай сайын 36 000 теңге.
📅 Төлем мерзімі: 2026 жылғы қыркүйектен 2027 жылғы қыркүйекке дейін.
✨ Бұл – жай ғана қаржылай қолдау емес, бұл – жас мамандардың еңбегін бағалау, олардың білімге деген ынтасын арттыру және кәсіби болашағына көрсетілген сенім!
Бүгінгі үздік студент – ертеңгі білікті медицина маманы. Ал олардың жетістігі – еліміздің денсаулық сақтау саласының жарқын болашағының кепілі.
💐 AQNIET кәсіподағы шәкіртақы иегерлерін шын жүректен құттықтап, білім жолында толағай табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейді!
🤝 AQNIET – еңбекті бағалайды, білімді қолдайды, болашаққа жол ашады!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU