AQNIET КӘСІПОДАҒЫ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ АТАУЛЫ ШӘКІРТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАДЫ!
Білімге қолдау – болашаққа инвестиция!
«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы білімге құштар, оқу үлгерімі жоғары әрі кәсіподақ өміріне белсенді қатысатын болашақ медицина мамандарын қолдау мақсатында игі бастамасын жалғастыруда.
Бүгінгі үздік студент – ертеңгі білікті медицина маманы. Ал олардың жетістігі – еліміздің денсаулық сақтау саласының жарқын болашағының кепілі.















