AQNIET кәсіподағы мүшелері арасында медицина қызметкері күніне арналған футбол турнирі өтуде!

Медицина қызметкері күніне орай AQNIET кәсіподағының ұйымдастыруымен Алматы қаласы ШЖҚ «Жедел медициналық жәрдем қызметі» КМК қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілуде.
Аталған спорттық додаға №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 15 қосалқы станцияларының қызметкерлері мен әкімшілік-басқару аппаратының AQNIET кәсіподағы мүшелері қатысуда.
🏆 Турнирдің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты нығайту, корпоративтік мәдениетті дамыту және қызметкерлер арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты арттыру.
Мұндай іс-шаралар әріптестердің бейресми жағдайда кездесіп, спорттық шеберліктерін көрсетуіне, өзара қолдау мен құрметті нығайтуына мүмкіндік береді.
🥇🥈🥉 Турнир қорытындысы бойынша командалар I, II және III орындармен марапатталады. Сонымен қатар келесі жеке номинациялар бойынша үздіктер анықталады:
⚽️ «Үздік ойыншы»
⚽️ «Үздік сұрмерген»
⚽️ «Үздік қақпашы»
AQNIET кәсіподағы қызметкерлердің қоғамдық белсенділігін арттыруға, ұйымшылдықты нығайтуға және ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.
Барлық қатысушыларға әділ ойын, жоғары спорттық рух, жарқын эмоциялар, мықты денсаулық және лайықты жеңістер тілейміз!
🤝 AQNIET – бірлікке, денсаулыққа және жаңа жеңістерге бірге!

ЖАНАЛЫҚТАР

#15354

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU