AQNIET кәсіподағы мүшелері арасында медицина қызметкері күніне арналған футбол турнирі өтуде!
Медицина қызметкері күніне орай AQNIET кәсіподағының ұйымдастыруымен Алматы қаласы ШЖҚ «Жедел медициналық жәрдем қызметі» КМК қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілуде.
Аталған спорттық додаға №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 15 қосалқы станцияларының қызметкерлері мен әкімшілік-басқару аппаратының AQNIET кәсіподағы мүшелері қатысуда.
Мұндай іс-шаралар әріптестердің бейресми жағдайда кездесіп, спорттық шеберліктерін көрсетуіне, өзара қолдау мен құрметті нығайтуына мүмкіндік береді.
AQNIET кәсіподағы қызметкерлердің қоғамдық белсенділігін арттыруға, ұйымшылдықты нығайтуға және ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.
Барлық қатысушыларға әділ ойын, жоғары спорттық рух, жарқын эмоциялар, мықты денсаулық және лайықты жеңістер тілейміз!
















