АҚТАУДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Ақтау қаласында «Aqniet» кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен медицина саласында еңбек ететін қыз-келіншектер арасында волейболдан турнир өтті. Спорттық додаға өңірдегі медициналық ұйымдардан жасақталған 7 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады, – деп хабарлайды кәсіподақтың баспасөз қызметі.
Турнирдің басты мақсаты – медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде «Aqniet» кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жанна Сайым сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметімен қатар қоғамдық және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.
✅ «Медицина қызметкерлері күн сайын адам өмірі мен денсаулығы үшін жауапты қызмет атқарады. Спорттық іс-шаралар мамандардың күнделікті жұмыстан бір сәт сергіп, әріптестерімен бейресми ортада бас қосуына мүмкіндік береді. Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, ұжымдық бірлік пен өзара қолдаудың да маңызды құралы. Бүгінгі турнир қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, медицина ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады», – деді Жанна Сайым.
Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіске деген жігерімен ерекшеленді. Әр кездесу тартысты өтіп, ойыншылар шеберлігін, жылдамдығын және командалық үйлесімділігін танытты.
🥇Тартысты кездесулердің қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды. 2-орынды Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының командасы иеленсе, жүлделі 3-орын Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрамасына бұйырды. Ал Жаңаөзен қаласының құрама командасы 4-орынға тұрақтады.
Турнир қорытындысында жеңімпаз және жүлдегер командалар қаржылай сыйлықтармен, арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Сонымен қатар жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен ойыншылар жеке номинациялар бойынша марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Сабира Оңдасова «Үздік ойыншы», Жасмина Жұмашева «Үздік байланыстырушы», ал Сапаргүл Қаратаева «Үздік шабуылшы» атанды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU