ӘКІМШІЛІК СЫЙ-ҚҰРМЕТІ — МЕЙІРІМ МЕН ЕҢБЕККЕ КӨРСЕТІЛГЕН ІЛТИПАТ

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай Жетісу облысында ақ халатты абзал жандарға арналған салтанатты мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Адам жанына араша болып, денсаулық сақтау саласының алдыңғы шебінде аянбай еңбек етіп жүрген мейірбикелерге құрмет көрсетілген бұл күн – мейірім мен жанкешті қызметтің мерейін асырған ерекше мереке болды.
Мерекелік жиын барысында денсаулық сақтау жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосып, көпжылдық адал еңбегімен ерекшеленген үздік медицина қызметкерлері марапатталды. Өз ісіне деген жауапкершілігі мен кәсібилігі арқылы халық алғысына бөленіп жүрген бірқатар мамандарға Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты шарада Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Маратұлы Садықов сөз сөйлеп, барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде мейірбикелердің адам өмірін сақтаудағы, емделушілерге жан жылуын сыйлаудағы ерекше рөлін атап өтіп, олардың тынымсыз еңбегі мен кәсіби адалдығына жоғары баға берді.
Бұл мереке – тек марапат пен құрмет көрсету ғана емес, адам денсаулығы жолында күнделікті еңбек етіп жүрген мамандарға деген қоғам ризашылығының айқын көрінісі болды.
Іс-шара соңы эстрада әншілерінің қатысуымен өткен әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әсем ән мен жүрекке жылы лебіздер ақ халатты абзал жандарға ерекше шабыт беріп, олардың еңбегіне деген құрметті одан әрі айшықтай түсті.

ЖАНАЛЫҚТАР

#15354

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU