МЕРЕЙЛІ МЕЙІРБИКЕЛЕР МЕРЕКЕСІНЕ!
12 мамыр «Халықаралық мейірбикелер» күні жылдан жылға денсаулық сақтау саласында жаңаша, ерекше мереке ретінде тойланып келеді. Кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі – еңбек адамына қолдау көрсету, қажет кезінде құқықтық-материалдық көмек беру екені белгілі. Өз жұмысын толық беріле, сауатты атқарып жүрген бүгінгі орта буын медицина мамандарына алғысымыз шексіз. Олар еліміздің бүкіл денсаулық сақтау саласының қызметіне, оның оң көрсеткіштеріне ықпалын тигізіп, алға сүйреп жүрген батыл да жанкешті абзал жандар. Кәсіподақ тарапынан айтулы мерекеге орай “AQNIET” кәсіподағының Алматы және Жетісу облыстары филиалына(ары қарай Филиал) қарасты 120-дан астам мейірбикелер, орта буын мамандары әртүрлі марапатқа ие болды. Филиалдың Атқару комитеті қаулысына сәйкес, мереке аясында 20 жуық мейірбикегелерге денсаулығын түзеп-сауықтыру үшін 20 ТЕГІН ЖОЛДАМА беріліп, қазіргі таңда сауықтыру орталығында еммен бірге демалуларын бастап жатқан жайы бар.
Денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, Гипократ антына берік, міндетін мінсіз атқарып жүрген барша мейірбикелер, сіздердің кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз! Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, отбасылық береке-бірлік, әріптестер мен пациенттердің құрметі мен сүйіспеншілігін, жылу және махаббат тілейміз!!
















