«SENAT OPEN 2026» шахмат турнирі
Маңғыстау облысындағы «SENAT OPEN 2026» шахмат турниріне «AQNIET» салалық кәсіподағы ұйымының мүшелері де белсенді қатысуда.
Турнирге қатысушылар қатарында:
Абдуллаев Берік Алдоңғарұлы —
«Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директорының орынбасары;
Атабай Оразбек —
Жаңаөзен қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері.
Кәсіподақ мүшелерінің интеллектуалдық, кәсіби және қоғамдық белсенділігі — ұйымымыздың басты құндылықтарының бірі.
Осындай республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысу — тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға және салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен мүмкіндік.
«AQNIET» салалық кәсіподағы қатысушыларға сәттілік пен лайықты нәтиже тілейді!















