Армысыздар, қымбатты оқырман қауым!
“AQNIET” кәсіподағы әрқашан Сіздердің жан-жақты тиімді демалуларыңызбен қатар, заманауи біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырып, кәсіби дамуларыңыздың жолында еңбек етуде. 

Балқаш ауданының “Орталық аудандық ауруханасының” 102 қызметкеріне Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК халықаралық тренерлерінің жетекшілігімен «Базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS)» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 
Бұл тренинг медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, адам өмірін сақтап қалудағы жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.














