№12 қалалық емхана: ұжыммен диалог және кәсіподақ ұйымының есебі

№12 қалалық емханада еңбек ұжымымен кездесу өтті, оның барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының 2025 жылы атқарған жұмысы туралы есебі ұсынылды.

🔹БКҰ төрайымы Жұмабекова Асия Берікқызы кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Есепте: қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, ұжымдық өтініштерді сүйемелдеу, кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік қолдау көрсету, медициналық ұйымда әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша жұмыс нәтижелері көрініс тапты.

🔸Іс-шараға «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Төрағасы Бақытжан Тәжібай және кәсіподақтың Астаналық филиалы төрағасының орынбасары Наталья Тё қатысты.

🔹Өз сөзінде Бақытжан Тәжібай «AQNIET» кәсіподағының ағымдағы қызметі туралы айтып, 2026–2028 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімнің нормаларын іске асыру бойынша түсініктемелер берді, оны ұжымдық шарттар және қызметкерлер, кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы тұрақты диалог арқылы іс жүзінде енгізудің маңыздылығын атап өтті. Медициналық ұйым басшылығының сындарлы ұстанымы жеке атап өтілді.

🔹Емхана директорының орынбасары Дүйсенбаев Қанат Қайроллаұлы әлеуметтік әріптестікті дамытуға және кәсіподақпен өзара іс-қимыл жасауға қолдау білдірді.

🙌Ұжымдармен осындай кездесулер қызметкерлердің өзекті мәселелерін талқылауға, кәсіподақтық ынтымақтастықты нығайтуға және медицина қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ЖАНАЛЫҚТАР

#15354

Отраслевое соглашение на 2026–2028 годы: результат совместной и последовательной работы

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU