Жетісу облысында жедел жәрдем жүргізушілерімен кездесу өтті
Жетісу облысының жедел жәрдем көрсету станцияларының жүргізушілері 2026 жылғы ақпан айындағы жалақының төмендеуі мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты “AQNIET” кәсіподағының филиалына ресми түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрады.
Кездесу мекеменің мәжіліс залында өтті. Өңірдегі барлық подстанциялар ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылып, талқылауға белсенді қатысты.
Ашық диалог форматында өткен жиында қызметкерлер залдан да, онлайн режимде де өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Кездесу барысында 2026–2028 жылдарға арналған Салалық келісім нормалары жан-жақты талқыланды.
Атап айтқанда:
-Келісімнің қолданысқа ену мерзімі;
-жалақыға қатысты нормалар;
-әлеуметтік кепілдіктер;
-даулы мәселелердің алдын алу тетіктері т.б.. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға тұшымды жауап алып, Салалық келісім нормалары медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда бірыңғай әрі әділ тәсіл қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жаңа Келісім аясында әлеуметтік-еңбек даулары мен ықтимал қақтығыстардың алдын алу бағытында нақты түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді деп айтуға болады.
“AQNIET” кәсіподағы алдағы уақытта да медицина ұйымдарында жүйелі, дәйекті жұмыстарын жалғастырып, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауды басты назарда ұстайды.
















