12 қыркүйекте «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Оған еліміздің барлық өңірлерінен филиал өкілдері қатысты.

? Атқару комитетінің жұмысы барысында Кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелері қаралып, жүзеге асырылған жобалардың қорытындылары шығарылды, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланып, Кәсіподақты одан әрі дамытуға, филиалдар арасындағы бірлікті нығайтуға және өңірлердегі жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қаулылар мен шешімдер қабылданды.

✨ Талқылау қорытындысы бойынша:

  • филиалдар мен бастауыш ұйымдардың жұмысын күшейтуге бағытталған маңызды шешімдер қабылданды;
  • Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша қаулылар мақұлданды;
  • денсаулық сақтау саласы мен кәсіподақ қызметіндегі қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

? Отырыстың барысында «Ақниет кәсіподағының үздігі» марапаттарын табыстау рәсімі өтті. Бұл жоғары марапатқа Алматы және Жетісу облыстарының, Алматы филиалының, Жамбыл және Ақмола облыстарының кәсіподақ көшбасшылары Асан Шалтабаев, Алтын Даутова, Бахыт Козбақов, Асылхан Сапақбаев ие болды.

Сондай-ақ Кәсіподақтың «Медициналық адвокат» республикалық жобасының үйлестірушісі, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғаушы Даурен Нұрсапа жеке марапатпен атап өтілді.

? Күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі – 2025 жылғы Республикалық Спартакиадаға дайындық болды. Спартакиада медицина қызметкерлері арасында ертең басталады. Отырыстың соңында Кәсіподақ филиалдары арасында командалардың шығу ретін анықтайтын жеребе тарту рәсімі өткізілді. Ертең үлкен спорт аренасында үздіктердің үздігін көруге мүмкіндік туады!

? «AQNIET» Кәсіподағының Атқару комитеті ашықтық, бірлік және кәсіподақ мүшелері алдындағы жауапкершілік қағидаттарына адалдығын тағы бір мәрте растады.

? «AQNIET» — елдің түкпір-түкпіріндегі медицина қызметкерлерін біріктіретін біртұтас күш!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU