«AQNIET» кәсіподағының Республикалық спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті!
Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы Дене шынықтыру-сауықтыру орталығында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген медициналық қызметкерлер командалары жиналды.
Іс-шараның салтанатты рәсімін «AQNIET» Кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай ашты.
Маңызды оқиғаға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғ. Шиповских қатысты. Ол өз сөзінде «AQNIET» Кәсіподағының медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы айрықша үлесін, сондай-ақ төраға Бақытжан Тәжібай бастаған ұйымның белсенділігін, өңірлер арасындағы бірлікті және Кәсіподақтың көпқырлы қызметін атап өтті.
Сенатор «AQNIET» Кәсіподағы тек әлеуметтік және құқықтық қорғаумен шектелмей, спортты дамыту, оқыту, халықаралық ынтымақтастық пен әлеуметтік әділеттілікті алға жылжыту сияқты көптеген бағытта жұмыс істейтінін ерекше атап айтты.
? Спартакиада – бірлік пен салауатты өмір салтының мерекесі
Бұл спорттық шара тек жарыс қана емес, медицина қызметкерлерінің кәсіби бірлігі мен командалық рухының айқын көрінісі болды.
Спартакиаданы өткізу орны ретінде Еңбекшіқазақ ауданының таңдалуы да кездейсоқ емес – бұл өңірдің әлеуетін танытуға және өңірлік орталықтардың беделін көтеруге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ іс-шара барысында жергілікті билік өкілдері, Талғар қаласындағы ОЦПЗ директоры А.М. Тажеков, Алматин облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі, Еңбекшіқазақ ауданының №1 БЖСМ-нің басшысы А.К. Сыргабаев сөз сөйледі.
⚽ «AQNIET» – әділ еңбек пен салауатты ұлт жолында!
ҚР өңірлерінен келген медицина қызметкерлері спорт алаңында өз кәсібилігімен қатар ерік-жігері мен достығын көрсетіп, Республикалық спартакиаданың жеңімпаздары анықталды.
Бұл жарыс денсаулық сақтау жүйесінің еңбеккерлері арасындағы ынтымақ пен өзара құрметтің символына айналды.
















