2025 жылы БҚО Облыстық перинаталдық орталығының 20-дан астам қызметкерлерінің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сынып оқушылары атанды!
Осы орайда “AQNIET” БҚО ұйымның кәсіподақ комитеті, БКҰ төрайымы Джунусова Нургүл Н. басшылығымен, дәстүр бойынша назардан тыс қалдырмай, сыйлықтар табыстап, өз мүшелеріне қолдау көрсетуді жалғастырып келеді.
Шын жүректен белсенді қатысу мен қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз! Кәсіподақ комитетіміз осындай қуанышты сәттермен ғана өз әріптестеріне қолдау көрсетіп жүре берсін!
«Ақниет» – бізбен бірге! Рахмет!















