1 қазанда Қазақстанда БҰҰ Бас ассамблеясы 1990 жылы жариялаған Халықаралық қарттар күнін атап өтеді
Осыған орай «Ақниет»денсаулық кәсіподақ филиалдарының барлық аймақтарында іс-шаралар жалғасуда.

Бұл күн аға ұрпаққа деген құрмет, қамқорлық пен ілтипаттың маңыздылығын еске салады.
Кәсіподақ әрқашан әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге ұмтылып, қарттардың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін күреседі. 




Біз олардың лайықты зейнетақыға, сапалы медициналық көмекке және мәдени шараларға қол жеткізу құқығын қолдаймыз.
Әр адам құрмет пен қамқорлыққа ие болатын қоғам құру үшін бірге жұмыс істейік.