Денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы Спартакиада-2023 өз мәресіне жетті
2023 жылдың 26 мамырында «Aspan» спорт кешенінде Астана қаласы денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы спартакиаданың финалдық кезеңі өтті. Финалда жеңіл атлетика, арқан тартыс және гір көтеру жарыстары бойынша мықтылар анықталды. Спорттың үш түрінен жиырмадан аса командалар және үш жүзге жуық спортсмендер қатысты. Ойын барысында қатысушылар жақсы тактикалық және дене шынықтыру дайындығын, сондай-ақ командалық ұйымшылдық пен жеңіске деген ерік-жігерліктерін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша спорттың 3 түрінен жалпы командалық есепте үздіктер төмендегідей анықталды:
Жеңіл атлетикадан:
– 1 орын – «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» командасы,
– 2 орын – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» командасы,
– 3 орын – «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» командасы,
Гір спортынан:
– 1 орын – «Академик Н. Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО» командасы,
– 2 орын – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» командасы,
– 3 орын – «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» командасы,
Арқан тартудан:
– 1 орын – «Астана медицина университеті» командасы,
– 2 орын – «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» командасы,
– 3 место – «№2 көпбейінді қалалық аурухана» командасы,
Жарыс жеңімпаздарына «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының дипломдары, кубоктары және естелік сыйлықтары табыс етілді.
Биыл, Астана қаласы денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы он екінші Спартакиада «AQNİET» Кәсіподағының 100 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылды. Тартысты додаға елорданың медицина ұйымдарынан барлығы 34 команда қатысып, спорттың 10 түрінен сынға түсті. Спартакиада регламентіне сәйкес, барлық спорт түрлеріне қатысып, жалпы командалық біріншілікте ең көп ұпай санымен бірінші орынды – «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» командасы иеленді, екінші орынды – «№1 көпбейінді қалалық аурухана» командасы алды. Жалпы командалық ұпай саны тең түскен екі команда – «Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» командасы мен «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» командалары үшінші орынды иеленді.