1 наурыз – Алғыс айту күні
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Бұл күннің негізігі мақсаты: адамдар бір-біріне құрмет көрсету,бірлікке ұйысу,патриоттық сезімдер,ізгілік абырой және әділеттік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
ШЖҚ «Ескелді ауудандық аурухана» МКК аурухана әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы қарттар арасында «Қарттарым-асыл қазынам» атты акциясын өткізді, бұл күні ұжымда ұзақ жылдары қызмет атқарған бірде бір ардагерлер ескерусіз қалған жоқ.
Ол кісілерге әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының атынан алғыс айтылып, азық-түлік себеті табысталды . Рухани, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, гүлденген Қазақстанда бұл күн қазақстандықтардың бір-біріне деген қайрымдылықтарының, достықтарының мерекесі болып қала береді.