Еңбекті қорғау мәселелеріне арналған вебинар өтті

«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы үшінші апта қатарынан кәсіподақ активі үшін Zoom платформасында өзекті тақырыптар бойынша вебинарлар өткізіп келеді.

2023 жылғы 1 ақпанда «Кәсіподақ мүшелерін қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша кезекті вебинар өтті, жалпы саны 40-қа жуық филиалдардың, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен денсаулық сақтау ұйымдарының еңбекті қорғау бойынша мамандары қатысты.

Өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлардың функциялары, еңбекті қорғау бойынша кәсіподақ бақылауын ұйымдастыру   мәселелері, еңбек заңнамасындағы еңбекті қорғау сұрақтарын Кәсіподақ ОК аппаратының еңбекті қорғау жөніндегі жетекші маманы Б. Базилов талқылады.

Вебинар барысында қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Тыңдаушылар дәріскерге мазмұнды вебинар үшін және Кәсіподақтың өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға қажет апта сайынғы онлайн оқытуды ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU