Атырау қалалық № 3 емханасында медицина қызметкерлерімен кездесу
«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының органайзинг жоспарына сәйкес, «AQNİET» Кәсіподағының Атырау облыстық филиалының төрайымы Н.Сарсенова Атырау қалалық № 3 емханасында орта буын медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Учаскелік және мамандандырылған мейірбекелерге жауапкершілігі мол жұмыстарына табыс, биік жетістіктерге жете берулеріне тілек айтылды.
2023 жылы «AQNİET» Кәсіподағының құрылғанына 100 жыл толады. Бір ғасырлық тарихы бар Кәсіподақтың қатарынан талай-талай беделді медицина қызметкерлері тәрбие алған. Ғасырлық тарихта ұзақ жылдар осы Кәсіподақтың мүшесі болған №3 емхана ұжымының да үлесі бар. Құқықтық қорғау, әлеуметтік демеу, қайырымдылық көмектер – барлығы да кәсіподақ мүшесінің игілігіне бағытталған.
Қазіргі таңда да Кәсіподақтың басты мақсаты қызметкерлердің қамқоршысы, қолдаушысы болып, биік сенімнен көріну. “Медицина адвокаты” жоба Кәсіподақ мүшелерінің сеніміне кірген. Кездесуде емхана ұжымына Жан Ақжановтың “Медсестра” кітабы табыс етілді. Көптеген сұрақтарға жауап берілді.