
Келісім комиссиясының мүшелерін еңбек заңнамасын және осы дағдылардың барлығына қызметкермен келіссөздер жүргізу құралдарын қолдануға үйрету арқылы аталған мақсаттарға қол жеткізуге болатынын атады. Сондай-ақ, қатысушыларды«AQNİET» ҚДСҚСК қызметі туралы хабардар етіп, денсаулық сақтау қызметкерлерін құқықтық қорғау жөніндегі «МедАдвокат» жобасымен таныстырды.
Дәріскер ретінде Еңбек және корпоративтік құқық ҒЗИ директоры, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ-ң адъюнкт-профессоры, Заңтану бойынша философия PhD докторы, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ж.ғ.қ. Хасенов Мүслім Ханатұлы сөз сөйледі.
Семинарға 100-ге жуық адам қатысты.
Семинар барысында тақырып бойынша көптеген сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Тыңдаушылар лектор Мүслім Хасеновке мазмұнды, кәсіби дайындалған оқу бағдарламасы үшін алғыстарын білдірді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.