
Ұжым мүшелері өте риза. Әсіресе, оттегі көпшіктері, қызу өлшейтін құралдар әрқашанда қажеттілік тудырады. Атырау облыстық ауруханасының директоры Иманғалиев Ербол Зейноллаұлы шет елдерде жүріп, өз отанын ойлаған қазақ жастарына ұжым мүшелері атынан үлкен ризашылығын білдірді. Әсіресе, еріктілер Айжан Хамит, Ай Нұр, Марина Абрамс, Алия Жұмабек, Ғани Стамбек және басқаларына, сонымен қатар, Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Орталық Кеңесінің төрағасы Тәжібай Бақытжан Арынұлына ерекше алғыстарын жолдады. Жер жаханда тәжі вирусы әлі өршіп тұрған кезде бұл көмек ұжым мүшелерін бір қуантып тастады.