Қазіргі дағдарыс пен пандемиядан қоғам да, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар да сабақ алып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі де санитарлық – эпидемиялық қызмет жүйесін дамытуға және қолдауға тиісті жұмыстарды қайта қалыптастыруды қолға алуда. Осы бағытта санитарлық-эпидемиялық жүйесін реформалауда кәсіпқой мамандардың кеңесі өте маңызды екеніне ешкім күмән келтірмес. Сондай кісілердің бірі – СЭС саласын жақсы білетін, өз ісінің шебері, осы күнге дейін белсенді түрде қызметте жүрген, медицина ғылымдарының докторы, профессор Кенжебек Шайсұлтанов. Тәуелсіз Қазақстанның СЭС қызметіне ереуіл үлес қосқан, кәсіподақ пен қызметкерлерге әрқашан қолдау көрсеткен Кенжебек Шайсұлтанұлы бүгінгі күні 70 жасқа толған мерейтойын атап өтуде. Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай мерейтой иегерін құттықтап, кәсіподақтың ең жоғары марапатын Төсбелгісін тапсырды.
Кенжебек Шайсұлтанұлына шын жүректен зор денсаулық, құт-береке, елге деген игі істерінің ұзағынан болуын тілейміз!