2020 жылғы наурызда Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы (ҚДСҚСКО) бастаған коронавирус эпидемиясына байланысты «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өз жалғасын ҚДСҚСКО-ның Талдықоғандық филиалында тапта.
ҚДСҚСКО Орталық кеңесінің келісімімен және Талдықорған филиалы атқарушы комитетінің шешімімен (облыстық жедел және шұғыл медициналық станция әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің өтініші) пандемияны жоюға тікелей қатысып жатқан қызметкерлерге, коронавирусты жұқтырған пациенттермен байланыста болған адамдарға және коронавируспен күдіктенген адамдарға материалдық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, акция аясында Ескелдинск орталық аудандық ауруханасының әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті өз қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында карантин кезеңінде жалғызбасты еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналарға және әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмекке барды. Бұл отбасыларға азық-түлік пакеттері жинақталып, ұсынылды. Қазір бұл азаматтар көмекке, қолдауға зәру. Отбасылар аудандық аурухананың кәсіподағына сезімталдығы мен қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді.
Дәл осындай көмекті Текелі қалалық ауруханасының бастауыш кәсіподағы көрсетті.
ҚДСҚСКО Талдықорған филиалы ел үшін қиын кезеңде бірігуге, бір-бірін қолдауға және карантин кезеңінде алдын-алу шараларын сақтауға шақырады.
Барлығыңызға мықты денсаулық тілейміз, өздеріңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар!
ҚДСҚСКО Талдықорған филиалының атқарушы комитеті