Дәрігерлерге, әсіресе коронавирустық пандемия кезінде алдыңғы қатарда тұрған, жедел жәрдем бөлімдерінде, аурухананың басқа да бөлімшелерінде тәулік бойы жұмыс жасап, күш-жігерін жұмсап жүрген медицина қызметкерлеріне оңай тиіп жүрген жоқ. Өйткені, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемия дәрігерлердің біздің өміріміздегі рөлін көрсетті. Олардың әрқайсысының жұмысы бағалануы керек. Осылайша, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының өкілдері Көпбейінді медицина орталығы қызметкерлеріне шын жүректен ризашылықтарын білдіру үшін сол орталыққа барып келді. Орталыққа микротолқынды пештер сыйлыққа берілді.
Құрметті дәрігерлер, күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңіз үшін, кәсіби шеберліктеріңіз үшін Сіздерге үлкен рақмет! Уақытылы тамақтану денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кілті, жұқпаның алдын-алудың маңызды факторы екенін ұмытпайық. Абай болыңыздар!
БІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІМІЗДІҢ НЕГІЗІ ИГІ ІСТЕРІМІЗДЕ!