«Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы Дулат Абибуллаевтың шақыруымен Бақытжан Арынұлы Тәжібай Қазақ радиосының қонағы ретінде эфирге шақырылды.
Эфир барысында радио жүргізушісі Гүлдарай Кемелова медицина саласында болып жатқан өзгерістер, денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы бойынша сұрақтар қойды. Бақытжан Арынұлы дәрігерлердің еңбекақысын жоғарлату бойынша Кәсіподақ жұмыстарының жағымды нәтижелерін, Кәсіподақтың ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен медицина қызметкерлеріне қажет және сау жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде салалық келісімшартқа қол қойылғанын айта кетті.
Радио қызметкерлері Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасымен жүргізілген әңгімеге толықтай риза болып, алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Ернұр Бураханның атынан Бақытжан Арынұлына «Мың алғыс» қайырымдылық кешін өткізуге қосқан зор үлесі мен жанашырлығы үшін алғыс хат берілді.
Біз де өз кезегімізде Қазақ радиолары ұжымына жылы лебіздері үшін және достық ынтымақтастығымыз үшін айтар алғысымыз зор.