2020 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі мен Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптікодағы әлеуметтік әріптестік аясында қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, кепілдіктермен жеңілдіктермен қамтамасыз ету, оның ішінде медицина қызметкерлерінің жалақысын 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап өсіру, мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісім жасасты.
Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты тұлғалары елбасшылығының медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіруді қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындай отырып, өздерінің адал және жауапты қарым-қатынасымен үлкен жұмыс атқарғанын айта кету керек.
Медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу бойынша еліміз ЭЫДҰ елдеріне қатысты елеулі артта қалғанын біз, кәсіподақтар ретінде, мойындаймыз, алайда осы мәселені шешуде оң серпін бар екенін растаймыз. Саладағы еңбекақы төлеуді ұйымдастырудағы сақталып отырған мәселелерге қарамастан, бүгінгі оқиға болашақта оң өзгерістерге деген сенім мен оптимизмді білдіреді.
Медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіруді іске асыруда кәсіподақ қандай рөл атқарады?!
Біріншіден, саладағы жалақыны арттыру жөніндегі елбасшылығының тапсырмасын іске асыру тетігі әлеуметтік әріптестік арқылы жүзеге асырылады.
Екіншіден, “естуші мемлекет” тұжырымдамасын орындау үшін есептер кәсіподақтың пікірі мен ұсыныстарын ескере отырып жүргізілді. Министр мен министрліктің демократиялық ұстанымының арқасында кәсіподақ қызметкерлер мүдделерін білдіре отырып, есеп жүргізуге және сала қызметкерлерінің көп санын қамтуға, сондай-ақ бөлінетін қаражатты әділ бөлуге тікелей және белсенді қатысты.
Үшіншіден, қазіргі уақытта денсаулық сақтау субъектілері еңбеккеақы төлеу туралы ережелерді дербес анықтай алатындықтан, кәсіпорындарда жалақының нақты көтерілу мониторингін кәсіподақ жүзеге асыруы тиіс, қызметкерлерден кері байланыс болуы тиіс. Кейбір басшылар әртүрлі сылтаумен медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруден бас тартуы мүмкін (мысалы белгіленіп қойылған жалақы немесе бөлінген қаражаттың жеткіліксіздігі мен түсіндіре отырып). Сондықтан біздің кәсіподақ сандарда жалақыны көтерудің күтілетін абсолютті мөлшерін және негізделген есептеулер мен қажетті дәлелдерді айқын көрсететін анықтаманы дайындады.
Дәрігер мәртебесін арттырудың басты көздерінің бірі дәрігердің жоғары лайықты жалақысы болып табылады.
2020 жылы жалақының өсуі 215 мыңнан астам маманды қамтиды. Мәселен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы дәрігерлерге орта есеппен 30%-ға, орта медициналық қызметкерлерге орта есеппен 20%-ға ұлғайтылатын болады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес саладағы жалақыны жоспарлы түрде арттыру үшін жыл сайын қаражат бөлу жоспарлануда.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU